13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өткен тәулікте қар құрсауынан 91 адам құтқарылды

23 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Өткен тәулікте қар құрсауынан 91 адам құтқарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 91 адам, оның ішінде 14 бала  құтқарылды. Мәселен, 22 наурызда сағат 01.23-те Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 2 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

22 наурызда Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл  аудандарында ТЖД күштері автожолдарда қар құрсауында қалған автомобильдерден 32 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД 7 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.

22 наурызда сағат 14.30 – да Қарқаралы ауданында «Қарағанды – Аягөз-Бұғаз» автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған «Тоyоtа Carina» автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді.  Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

22 наурызда түнгі  22-10 Ақтоғай ауданында «Ақой-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және «Берер» ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды. Салонда 48 адам, оның ішінде 7 бала болды. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

Бұдан басқа, 23 наурызда сағат 13.30-да Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 15 шақырым жерде облыстық маңызы бар автожолда Қостанай облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органның күштерімен автожолдың тазартылған учаскесіне 4 жеңіл көлік сүйреп шығарылды. Автокөліктерде 19 адам, оның ішінде 2 бала болған. Медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ауа райына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) еліміздің аумағында автожолдардың 46 учаскесінде, оның ішінде 26 республикалық  (Нұр-Сұлтан қ. – 6, Ақмола – 12, Қарағанды – 3, Қостанай – 1 және Павлодар — 4) және 20 облыстық маңызы бар (Ақмола – 14 және Қостанай  — 6) автожолдар жабық.

Қазіргі уақытта жолдардағы ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.Осындай штабтар өңірлерде де қызмет атқаруда. Облыстық жедел штабтардың ақпараты бойынша блок-бекеттерде 915 бірлік техника тұр. Оның ішінде 780 бірлік жеңіл және 133 бірлік жүк автокөліктер (Ақмола – 650 бірлік., оның ішінде 562 бірлік жеңіл және 88 бірлік жүк, Қарағанды – 85 бірлік, оның ішінде 70 жеңіл және 15 бірлік жүк, Павлодар 180 бірлік, оның ішінде 150 бірлік жеңіл және 30 бірлік жүк).

ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып,  автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал. Өзіңізбен бірге қысылтаяң жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды алып жүріңіз. «Дәрмен» мобильді қосымшасы жолдардың жабылуы және дауылды  ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112.

 

Previous Post

Түркістанда экобазар ашылды

Next Post

Түркістан: Келес ауданында 90 мың гектарға жуық жер ортақ жайылымға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі