13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Наурыз мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы ардагерлермен жүздесті

20 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Наурыз мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы ардагерлермен жүздесті
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызының бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» және «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында қаладағы қазыналы қарттар  мен аналарды құттықтады. Шараға аудандық филиал Атқарушы хатшылары, партия қызметкерлері мен Jas Otan жастар қанатының белсенділері қатысты.

Кездесу барысында ардагерлеріміз еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы – егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, қарт адамдарға деген құрметті қалыптастыру мен нығайтуға негізделіп, осы уақытқа дейін нәтижелі жұмыс көрсетуде.

Сондай-ақ «Бақытты отбасы» жобасы — Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау, аз қамтылған көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялардың өмір сүру сапасын жақсартуға өз септігін тигізіп келеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзАманатЖанар БектаеваШымкент
Previous Post

20  наурыз - «Зияткерлік» күні

Next Post

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі