13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру жұмысы басталды

16 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру жұмысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Бірінші наурыздан бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, психологиялық тесттерден және жеке әңгімелесуден өтуде. Осы жылдың көктемінде Шымкенттен 700-ден астам ер-азаматты шақыру жоспарланған.

Бірінші кезекте Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады.

Бүгіннің өзінде (а.ж. 16 наурызында) алғашқы 12 ер-азамат конституциялық борышын орындау үшін әскерге аттанғалы жатыр. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтуде. Онда шақыру комиссиясының төрағасы мен медициналық комиссия төрағасының қатысуымен кандидатты қайта тексеру жүргізіледі. Оның қызметінің мотиві мен психологиялық көзқарасы тексеріледі.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев атап өткендей, әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ал шақыру комиссиясын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары басқарады.

— 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет, — деп толықтырды қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары полковник Ажимухан Шынтаев.

Сонымен қатар, брифинг барысында полковник Әжімұхан Шынтаев өткен жылдың қорытындысын шығарды, оған сүйенсек 2021 жылы еліміздің үшінші мегаполисінен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 1500-ге жуық адам жіберілді.

— Өткен жылғы әскерге шақыру жоспары жүз пайыз орындалды, сондай-ақ әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жұқтыруының алдын алуға санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар уақтылы жүргізілді, — деп атап өтті полковник Шынтаев Ажимухан.

Сондай-ақ, қалада жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында арнайы орта білімі бар және оқудан және шынықтырудан өткен әскерге шақырылушылар санының артқаны атап өтілді. Атап айтқанда, тек 2021 жылғы екі әскерге шақыру науқанында 300-ден астам орта білімі бар азаматтар әскерге кетті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Next Post

Түркістан: Мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы Қазығұрттан басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі