13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

9 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.

Алдымен қала әкімі зиялы қауым өкілі — «Восход» фабрикасының директоры Гулужиган Байгаринаның шаңырағында болды. Қаланың өркендеуіне, экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді. Қаншама жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан фабрика — қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі екенін айтып, ақ жарма тілегін жеткізді.

Шаһар басшысы бүгінгі құттықтауында қала зиялыларының бірі — Сайлаукүл Барахованы да естен шығармады. Экс-сенатор, облыс әкімінің орынбасары болған, ұстаз, аяулы ана Сайлаукүл Жаппарқызы қазіргі таңда құрметті зейнеттік демалысында. Үйдегі 100 жастағы қарт анасы Зара Ибрагимоваға да қала әкімі арнайы сыйын ұсынып құрмет көрсетті.

— Сіздер салған жолмен қаншама қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап, мамандықтарының биік шыңында жүр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын — деді М.Әйтенов.

Tags: 13kz13kz.kz13кз8-наурызМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

Шымкент : Абай ауданындағы атқарылған жұмыстар сараланды

Next Post

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы салық саласының мамандарына түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі