13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте күрес түрлерінен ел біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

4 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте күрес түрлерінен ел біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында күрес түрлерінен кіші жасөспірімдер және жастар (U15, U20) арасында біріккен ҚР чемпионаты өтуде. Балуандар бәсекесі 2-10 наурыз аралығына жоспарланған болатын.

Елімізде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен біріктірілген ел чемпионаты тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыста республиканың барлық өңірінен, жалпы 1000-нан астам спортшы бақ сынайды.

Кеше сайыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов құттықтау сөз сөйлеп, қала спортшыларының бозкілем бәсекесінде жеңісті дәстүрі бар екенін айта келе жас балуандарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жиынға даңқты балуан, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев және тағы басқа белгілі жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытумен қатар, жоғары спорт шеберлерін даярлауда жүйелі жұмыстар қолға алынған. 2021 жылдың қорытындысына сәйкес, шымкенттік балуандар әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды. Кеше жарыстың бірінші күнінде №15 мектептің шәкірті Ерасыл Мұсан 44 келіде жеңімпаз атанғанын айта кетейік.

Аталған ел чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы әлем және Азия біріншіліктеріне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзкүрес түрлеріШымкент
Previous Post

Шымкент : Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына сапалы жарық келді

Next Post

Тұрандағы шудың шындығы: Бас жоспар әлі бекітілген жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі