13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Айбыны асқақ — жас сарбаз!

3 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Айбыны асқақ — жас сарбаз!
Share on FacebookShare on Twitter

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым—Жомарт Тоқаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу мәселелеріне ерекше тоқталып өткені баршамызға мәлім. Президентіміз биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауды ұсына отырып, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру қажет екеніне тоқталып өтті. Мемлекет басшысының қойған осы тапсырманы іске асыру үшін Қарулы Күштер өңірлерде «Жас Сарбаз» балалар—жасөспірімдер,  әскери —патриоттық қоғамдық бірлестігін құрып, мектептерде әскери—патриоттық тәрбиенің рөлін арттыра түсуде. Елдің болашағы болып табылатын өскелең ұрпағымызды жан—жақты қолдап, әскери—патриоттық тәрбиелеу ісін дамыту келешегімізге нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Н. Б. Дюсебаевтың нұсқауымен бүгін Түркістан қаласында, М. К. Ататүрік мектебінде «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубы ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы бойынша Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Аширович, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник КУЛДЕРБАЕВ Жандос Тынымбекович,  Түркістан облысы Жас—Сарбаз әскери — патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының МУА Шекербек Аружан Мақсатқызы, Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алдабергенов Бабай Тәңірбергенұлы, Түркістан қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығы полковник Нығмет Ахметұлы, Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы директорының кеңесшісі Даурен Ақсақаловтар қатысып, құттықтау сөз сөйлеп жастарға жалынды ойларын айтып, мектеп ұжымына табыстар тіледі. Өз кезегінде мектеп директоры ф. ғ. к, доцент Үрімова Рахила Кенжебекқызы келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, оқушыларының алда биіктен көрінетінін жеткізді. Мерекелік іс—шара концерттік бағдарламаға ұласып, оқушыларға кеоемет көңіл сыйлады. Жас сарбаз клубына 10 ұл ер бала, 5 қыз бала мүшелікке қабылданып, жас сарбаз куәліктеріне ие болды. Келешек әскери қолбасшылар мен работатехниканы дамытатын әскери мамандар даярлауға үлес қосамыз деп үміттенеміз.

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖас сарбазШымкент
Previous Post

Шикізат экспорттаушыларына жаңа салықтық жеңілдіктер қарастырылуда

Next Post

Шымкент : Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына сапалы жарық келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі