13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Білікті маман – еліне қорған

2 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Білікті маман – еліне қорған
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінде Әуе қорғанысы күштеріне қарасты әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің рота, батальон санатындағы сержанттар құрамымен командирлік даярлық жиыны өтуде.

Сержанттардың әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру арқылы жеке құраммен жұмыс барысында жауынгерлік даярлық сабақтарын жүргізуге үйрету, сондай-ақ кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларды жетілдіру мақсатында бағытталған жиын екі аптаға жоспарланып өтуде.

Бекітілген оқыту жоспарына және арнайы бағдарлама талаптарына сәйкес жиын барысында сержанттармен саптық, атыс, медициналық, дене шынықтыру және тактикалық  даярлық, әскери топография, жеке құраммен моральдық-психологиялық жұмыс, көшбасшылық сапаны дамыту сияқты оқыту пәндері, сондай-ақ әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сабақтар өткізілуде.

Жиынды сапалы өткізу мақсатында үздік деп танылған сабақ жетекшілері мен нұсқаушылары тағайындалған. Сонымен қатар, теориялық сабақтарды оқуға арналған сыныптар толық оқу материалдық базаларымен қамтылған. Ал, практикалық сабақтарды өткізу үшін арнайы тактикалық алаңдар, оқу-жаттығу тренажерлері мен атыс алаңдары толығымен жабдықталған.

— Сержанттар – кез келген бөлімшенің негізі. Олар жеке құраммен тікелей жұмыс істейді. Жеке құрамның жауынгерлік міндеттерін дұрыс орындауы сержанттардың қабілеттілігіне байланысты. Сондықтан, жиын өткізудегі басты міндетіміз – әуе шабуылына қарсы қорғаныс  әскерлері үшін білікті кіші командирлер мен мамандарды даярлау болып табылады, — дейді әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сержанты штаб сержант Рустам Мусамбаев.

Айта кетсек, жиында 100-ге жуық сержанттар командирлік даярлықтан өтуде. Жиын барысында олар, бір-бірімен тәжірибе алмасып, жауынгерлік дайындық пен бөлімнің күнделікті қызметін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісетін болады.

Жиын соңында оқу пәндерінен сынақтарды тапсыру қорытындысы бойынша сержанттардың дайындық деңгейі бағаланады. Сондай-ақ, үлгерімі бойынша рейтинг шығарылып, жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер құрмет грамоталарымен марапатталады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентқорғаныс
Previous Post

Шымкент : Қазығұрт шағын ауданында интернет мәселесі шешімін табуда

Next Post

Шикізат экспорттаушыларына жаңа салықтық жеңілдіктер қарастырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі