13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Билік партиясын жаңғыртудың 7 басымдығы ұсынылды

1 марта, 2022
in Cаясат
0
Билік партиясын жаңғыртудың 7 басымдығы ұсынылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, Мемлекет басшысы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта партияның кезектен тыс XXII Съезі өтті. Оның жұмысына еліміздің барлық өңірінен 399 делегат онлайн-форматта қатысты.

Съездің күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу;
  2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы.

Съезд барысында «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия жұмысын жаңғыртудың 7 басымдығын ұсынды.

Атап айтқанда:

  1. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру;
  2. Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру;
  3. Партияның жұмысында ашықтықты арттыру;
  4. Партиялық бақылауды күшейту;
  5. Партияның Бағдарламалық құжаттарын қайта қарау;
  6. Халықтың әр түрлі топтарымен жұмыс істеу;
  7. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру.

Осы басымдықтар негізінде қоғамдық кеңестердің құрылымын қайта жасақтап, олардың саны оңтайландыру, мәслихаттардағы фракция отырыстарында аймақтық филиал төрағаларының  — әкімдердің есептерін тыңдау, бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейту, «ТАЗАLIKE», «Әлеумет», «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» атты жаңа жобаларды іске қосу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын проактивті форматқа ауыстыру, шалғай елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар өткізу арқылы халықпен кері байланыс жасау күшейтілмек. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев партияға тиісті тапсырмалар берді.

Одан бөлек, съезде партияның атауын өзгерту мәселесі де қаралып, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. «Бабалар аманатына адал болуымыз керек. Сондықтан партияның атауын «Аманат», — деп өзгертуді ұсынамыз», ­– деді Е.Қошанов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысын қолдады. Президент Өз сөзінде: «Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінде «Аманат» деген атауға тоқтадық. Кең жеріміз – бабалардан жеткен мирас. Ұрпақ сабақтастығы деген осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия осыны ұстанады. Сондықтан партия атауын ресми түрде өзгертуді қолдаймын», – деді Қ.Тоқаев.

Жалпы, съезде айтылған көптеген маңызды бастамалар мен өзгерістердің барлығы халқымыздың тұрмысын жақсартуға және мемлекеттің әлеуетін күшейтуге бағытталған.  Сондықтан, біз барлық жоспарды жүзеге асыруға ниеттіміз.  Себебі, Отанымыздың тағдыры партияның стратегиясын қолдайтын белсенді мүшелерінің, шынайы патриоттардың қолында деп білемін.

Еліміздің алдында тұрған жаңа жаһандық қауіп-қатерлер бар күш-жігерімізді біріктіруді талап етеді. Ол үшін бүкіл қоғамның ортақ іске жұмылуы қажет. Барлық мақсатымызға тек бірлік пен келісім арқылы ғана жете аламыз. Сондықтан, елімізде саяси диалог мәселесін жүйелі түрде дамыту маңызды.

Партияның ұсынған жаңа бағдарламалары дамыған азаматтық қоғам мен экономикалық тұрғыдан кемелденген мемлекет құруды көздейді. Сондықтан, партия мүшелері шынайы еңбекқорлықтың, азаматтық патриотизмнің озық үлгісін көрсетуі керек деп ойлаймын.

Ендеше, партияластарыма бізге берілген  мүмкіндікті пайдалана отырып, ата-бабаларымыздың «Аманатқа қиянат жүрмейді» дейтін бұлжымас қағидасын өмір­лік темірқазық етіп ұстануға шақырамын.

Қайрат Балабиев

Түркістан облысы мәслихатының хатшысы  

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты

Next Post

Шымкентте Алғыс айту күнінде 1 миллион құрт пен бауырсақ таратылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі