13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

16 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы Түркістан облысында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі былтыр 2020 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы саласында 906,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7 пайызды құраған. Бұл нәтиже облыстың республикадағы үлесі бойынша екінші орынға шыққанын көрсетеді. Аймақ әкімі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 315 жоба қаржыландырылғанын айтты.

Президентке өңірдегі құрылыс қарқының артқаны туралы мәлімет берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, әлеуметтік инфрақұрылымның негізі қаланғанын жеткізді. Оның айтуынша, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілген.

Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Сайрам ауданында жүзеге асырылған «Парасат» дискуссиялық клубы пилоттық жобасы туралы баяндады. Аталған жоба облыс, аудан, аймақтағы күштік құрылым басшыларының тұрғындармен кездесулерін, ашық әңгімелесулерін қамтамасыз етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістан облысы
Previous Post

Шымкент: Барлау бөлімшелерінде жауынгерлік оқ ату дайындығы пысықталды

Next Post

Түркістан: Жас депутаттар корпусының алғашқы отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі