13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

16 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өтуде. Іс-шара кезінде полицейлер 500-ге тарта қылмысты ашып, 7304 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жекелей айтар болсақ, аталған іс-шара аясында есірткі қылмысының – 35 дерегі тіркеліп, заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық есірткі заттары алынды. Іздеуде жүрген 12 адам табылды. Сонымен қатар, сегіз мыңнан астам қараусыз тұрған және жалдамалы үй мен пәтерлер тексерілді.  Әкімшілік құқық бұзушылықтарға келер болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) – 2823, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 1523, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 2442, 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 238, 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) – 110, 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша – 15 хаттама толтырылды Арыстық полицейлер тұрғынның үйінен тіркелмеген қару тапты. Нақтырақ айтсақ, өз аумағындағы тұрғындардың үй-жайларын қарап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген учаскелік полиция инспекторы Жасұзақ Каукаев кезекті тұрғынның үйін тексеру барысында бөлмелердің бірінде ілулі тұрған қаруды байқап қалады. Қарудың құжаттарын сұрағанда тұрғын оның қайтыс болған ағасынан қалғанын жеткізді. Осылайша ҚР ІІМ-де тіркелмеген қару тәркіленіп алынды. Оған қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде, қарудың 3К тегіс ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы екендігі анықталды. Аталған жайт 482-бабы бойынша (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) тіркелді. Қазіргі таңда жинақталған іс құжаттар сотқа жолдануда.

Previous Post

Шымкентте биыл 800-ден аса жас жалдамалы баспанамен қамтылу жоспарлануда

Next Post

Шымкент: Барлау бөлімшелерінде жауынгерлік оқ ату дайындығы пысықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі