13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель ойлап тапты

15 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель ойлап тапты
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды. Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндері қалпына келеді. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растады.

«Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді», — деді әзірлеме авторы, Ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.

Ғалымның айтуынша, гидрогельдер сүйек тінін жасауда қаңқа ретінде қолданылады. Құрылымында олар дәнекер тінінің негізіне ұқсас, сондықтан барлық биоматериалдар арасында жасуша трансплантациясы үшін ең қолайлы.

Қазір алғашқы операцияларды бағаналы жасушалар негізінде гидрогель арқылы жүргізу жоспарланып жатыр. Күрделі сынықтар мен зақымдалған буындарды қалпына келтірудің бірегей технологиясы травматология мен ортопедияда көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейін айтарлықтай арттырады деп күтілуде. Препарат мамандандырылған ауруханалар мен ғылыми медициналық орталықтарда қолданылады.

Бұл технология қазіргі уақытта Н.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ҒЗИ базасында клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Ғылыми бағдарламаны ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады.

 

 

Previous Post

Шымкент әкімі орталықта орналасқан шағын аудан тұрғындарымен кездесті

Next Post

Шымкентте биыл 800-ден аса жас жалдамалы баспанамен қамтылу жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі