13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дезинфекция жұмыстарын кімдер жүргізеді және ол қалай жүзеге асырылады?

15 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Дезинфекция жұмыстарын кімдер жүргізеді және ол қалай жүзеге асырылады?
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасыратыны жоқ көпшілік белігілі бір ауру ошақтарына, мекемелерге немесе жеке тұрғын үй аулалары т.б орындарын дезинфекциялау жұмыстарымен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі айналысады деген пікірде. Бірақ ол қате түсінік.

Түркістан облысында залалсыздандыру жұмыстарымен мемлекеттік мекеме «Дезинфекция орталығы» және түрлі ЖШС мен жеке кәсіпкерлер айналасады.

Жоғарыда атап өтілген «Дезинфекция орталығы» мемлекеттік мекемесі өңіріміздегі эпидемиологиялық қолайсыз табиғи ошақтарда мемлекеттік тапсырыс негізінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Және ошақтарда жүргізілген залалсыздандыру жұмыстары Түркістан облысының СЭБД-нің толық бақылауында.

Мәселен, 2021 жылы тері лейшманиозы, безгек ауруларының алдын-алу бойынша Арыс қаласы, Отырар, Шардара аудандарына қарасты 33 елдімекеннің 298 709 гектар аумақтарына (2 рет) , 15 255 га жерге (2 рет) дератизация, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандары бойынша 14 елдімекенде анофилогенді су қоймаларында 45,4 га (2 рет) және конго қырым геморрагиялық қызбасына қарсы 94 609 501 шаршы метр аумақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Соңғы уақытта дезинфекция жасайтын жеке кәсіпкерлердің саны жыл сайын артып келеді. Тұрғын үйлерге, жұмыс орындарыңызда шыбын-шіркей, жәндіктер мен егеуқұйрықтарға қарсы жұмыстарды жүргізу үшін жұмыс тәжірибесі мол, мамандары арнайы дайындықтан өткен тәжірибелі дезинфекциялық мекемелерге жүгіну керектігін айтып өткен жөн.
Дезинфекциялық қызметпен айналысатын әрбір мемлекеттік мекеме, немесе ЖШС, ЖК көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Химиялық препараттарды дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Дезинфекциялау жұмыстары кезінде тамақ өнімдерінің беттері тығыз жабылғаны жөн. Қолға, бетке және дененің басқа ашық жерлеріне тамған жағдайда сабынмен жуу қажет. Дезинфекциядан кейін міндетті түрде терезелерді ашып, үй-жайды желдету керек.

Қосымша ақпарат:
ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңға сәйкес, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті, және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша өз қаражаты есебінен дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндеттілігі туралы хабарлайды.

Previous Post

Колледж ұжымымен мақсатты жиын өтті

Next Post

Биыл 8841 отбасының тұрғынжайды жалдау ақысы субсидияланады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі