13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданының белсенділерімен кездесті

12 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданының белсенділерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қордаланған мәселелерді шешу үшін Әл-Фараби ауданының белсенділерімен кездесті. Тұрғындар кәріз жүйесі, жол, жарықтандыру, абаттандыру секілді мәселелерді қозғады.

Бүгінгі кездесу барысында Сәуле шағын ауданында гүлзар салынатыны белгілі болды. Шағын ауданда  2,5 гектар жерге гүлзар салу мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Ал, Наурыз шағын ауданындағы кәріз жүйесінен кейінгі қазылған жолды асфальттау мәселесі биыл шешіледі.

Текесу тұрғындары асфальт жол, ауыз су мәселесімен келген. Шаһар басшысы осы жылға 3 көшеге (Көлді, Ақсай көшелері) ұзындығы 1,6 шақырым асфальт төсеуге ұсыныс берілгенін, ауыз су  жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, бюджетке ұсынылғанын айтты.

195 орамдағы көшелерге асфальт төсеп беруді сұраған тұрғынға – биыл Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы, атауы жоқ көше №1, Қарағанды көшелеріне жалпы ұзындығы асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Ақтас елдімекенінде ауыз су бойынша абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда ауыз сумен қатар табиғи газ мәселесі де жыл соңына дейін шешімін табады.

М.Әйтенов осындай кездесулер кезінде бірінші кезектегі шешілуі тиіс мәселені ашық талқылап, жұмысты бірлесе жүргізудің артықшылығына тоқталды. Елдімекеннің атынан жауапкершілік арқалап келген белсенділерге алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Созақтағы жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада ұсынылды

Next Post

Шымкенттіктер кез келген қалалық ХҚО-да жылжымайтын мүліктерін тіркей алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі