13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Парасат» пікірталас клубында жастар мәселесі талқыланды

9 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Парасат» пікірталас клубында жастар мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында «Парасат» пікірталас клубынының VI кезекті отырысы өтті.  Күн тәртібінде жастар тәрбиесіндегі олқылықтарды шешу жолдары және Қарабұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, тақырыпқа қатысты ой-пікірін білдірді. Қоғамдық диалогты орнатуда осындай басқосулардың маңызды екеніне тоқталды. Сайрам ауданында бастау алған «Парасат» пікірталас клубының жұмысы үлгі ретінде алынып, кездесулер облыстағы барлық, аудан, қалаларда жалғасын табатындығын жеткізді.

Жиында Сайрам аудандық «Жастар рессурстық орталығының» басшысы Ж.Хамраев «Жастардың қоғамдағы рөлі, ұрпақ сабақтастығы мен аға буын өкілдерінің ықпалы» тақырыбында баяндама жасап, жастарға елін сүю, адал қызмет ету жөнінде үндеу жасады.

Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Мухиддин Сиддиков Қарабұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелерді баяндады. Ұсыныстарын жеткізді.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жастарды дені сау, бойы таза, рухы мықты, отаншыл етіп тәрбиелеуге әрбір азамат жауапты екенін айтты. Жиында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.

«Парасат» пікірталас клубынының негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда «Парасат» пікірталас клубының құрамына сайрамдық ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардан, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерінен, депутаттардан және жастар қауымынан 43 азамат енген. Сонымен қатар клуб отырыстарының күн тәртібіне сай жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып жүр.  «Парасат» пікірталас клубының келесі отырысында  қаржы пирамидасы, жедел қаржы беру мекемелерінің заңсыз әрекеттері талқыланады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13 kz13kz13кз«Парасат» пікірталас клубы
Previous Post

Шымкент: Әскери қызметшілердің құқық тәртібі мәселелері талқыланды

Next Post

Емделушілер медицина ұйым басшыларына тікелей шағымдана алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі