13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ө.Шөкеев: «Біз суды тиімді пайдаланып, мол өнім алудың үлгісін көрсетуіміз керек»

8 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Ө.Шөкеев: «Біз суды тиімді пайдаланып, мол өнім алудың үлгісін көрсетуіміз керек»
Share on FacebookShare on Twitter

Шаруа қожалықтарының иелерімен кездескен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оларға табысқа жетудің жолын көрсетті. Шаруа қожалықтарының бірігіп, технологияның көмегімен суғару тәсіліне көшудің қыр-сырын түсіндірді. Облыс басшысы суды шаһарға қолдан әкелудің бірқатар жолы айқындалып, ол жүзеге асып жатқанын жеткізді. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру мен су нысандары жобалары қарқынды іске асырылуда.

«Біз Түркістан өңірінде суды тиімді пайдаланып, одан мол өнім алудың үлгісін көрсетуіміз керек. Оған бар мүмкіншілік бар. Ол үшін бірігу керек. Ысырапшылдыққа жол берілмейді. Ағын суды үнемдеп, жаңа технологияның көмегімен пайдалануды үйрену керек. Түркістан төңірегін көгертіп, оазис жасаймыз»,–деді облыс әкімі.

Түркістан қаласының маңында диқандар егістікті АҚШ-тан әкелінген арнайы техника арқылы жаңбырлатып суғаруда. Мамандардың айтуынша, бұл – өте тиімді тәсіл. Осы бастама арқылы ағын су шығыны бірнеше есе азайып, өнім түсімі төрт есеге дейін артады. Кешенді жоспар аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектар алқапқа азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр.

Азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобалары Түркістан қаласының аумағында интенсивті технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылып жатыр. Кешенді жоспар бойынша ірі инвестициялық жобалар іске асырылып, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімі артып, жаңа жұмыс орны құрылуда. «Агропарк» жобасы бойынша бірқатар бірегей бастамалар жүзеге асуда.

Жоба аясында шаруалар тиімді суару тәсілінің көмегімен алма бағы, жеміс-жидек және бақша дақылдарын өсіруді қолға алған. Бұдан бөлек, инвесторлар 200 гектар аумаққа америкалық технологияны қолдана отырып, жаңбырлатып суғару арқылы жоңышқа егу және қайта өңдеу жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жоба құны – 1,5 млн. АҚШ доллары.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Tags: 13 kz13kz13kz.kz13кзОмирзак Шукеевсусуды үнемдеутабысқа жетуТүркістан облысыШаруаларӨмірзақ Шөкеев
Previous Post

Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықты төмендету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда

Next Post

Шымкентте биыл 11 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі