13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі 96 миллион гектар жерді тексерді

7 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Ауыл шаруашылығы министрлігі 96 миллион гектар жерді тексерді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті бағыттарының бірі ресурс үнемді егіншілікті дамытуды, жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жайылымдарды суландыру және олардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қарастырып жатыр.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығында және тұтастай ел экономикасында үлкен маңызға ие. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалық жағдайымен, оны пайдалану сипаты мен жағдайына тікелей байланысты.

Ведомство жүйелі негізде жерді топырақтық және геоботаникалық зерттеу жүргізеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 33 млн га алаңда ауқымды топырақ зерттеулері, 33 млн га алаңда геоботаникалық зерттеулер және 30 млн га алаңда топырақ бонитировкасы жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар қарашіріктің, жалпы фосфор мен азоттың, калий мен фосфордың жылжымалы қосылыстарының құрамын, қышқылдығын немесе сілтілігін, сортаңдануын, карбонаттығын, тұздануын және топырақтың механикалық құрамын (жер құнарлылығының көрсеткіштері) анықтауға мүмкіндік берді, оларды білу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде қажет.

Деректер негізінде арнайы аттестатталған зертханаларда жүргізілетін мұқият талдаулар негізінде әзірленген жерді ұтымды пайдалану үшін қажетті ұсынымдар қалыптастырылды.

Жерді ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған түсіндірме жазбалары бар барлық материалдар мен деректер одан әрі пайдалану үшін тұрақты негізде облыстық және аудандық әкімдіктердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына беріледі.

Жер ресурстарының өнімділігін сақтау, экожүйенің функциялары мен қызметтерін қолдау және қажеттіліктерді қанағаттандыру әлеуметтік-экономикалық міндет қана емес, сонымен қатар қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік болып табылады.

 

Tags: азотАуыл шаруашылығы министрілігіжерФосфорҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Previous Post

Түркістан облысының құсбегілері 2 алтын, 1 күміс медаль олжалады

Next Post

Шымкентте 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі