13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі үш деңгейлі жолайрық құрылысымен танысты

3 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі үш деңгейлі жолайрық құрылысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы жылдың басында басталған Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылыс алаңында болып, жұмыстармен танысты.

Қаладағы көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында 2022-2023 жылдар аралығында үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы жүргізіледі.

Жолайрықтың техникалық сипатына сәйкес, Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Құрылыс жоспары бойынша ені 80 метрлі 4-6 жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселетін болады.

Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстарды көріп, мердігер мен сала жетекшісіне құрылыс жұмыстарында кемшіліктерді болдырмауды, сапасына баса назар аударуды және бөлінген қаражатты тиімді жұмсап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, көлік кептелісі секілді қолайсыздықтарды болдырмау үшін көше қозғалысын шектеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруды айтты.

Жолайрық құрылысына байланысты Арғынбеков көшесінде Бәйдібек би көшесінен Жүсіпов көшесіне дейінгі аралықтағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. 30 қаңтар күні батыстан шығысқа қарай Байтұрсынов көшесінен Бәйдібек би даңғылына дейінгі аралық жабылды.

Көлік қозғалысы үшін Арғынбеков көшесіне альтернативті магистралдар ретінде Рысқұлов және Төлеметов көшелері белгіленген.

Қазіргі уақытта аталмыш құрылыс нысанында Арғынбеков көшесі бойымен жер қазу жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  салық төлеушілердін назарына жеткізеді

Next Post

Қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі