13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Әскери-патриоттық тәрбие маңызды іс

1 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Әскери-патриоттық тәрбие маңызды іс
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Азаматтық альянс ресурстар орталығының базасында жоспардан тыс Қарулы Күштер ардагерлерінің, Чернобыль, Семей сынақ және әскери ұрыс-қимылдары ардагерлерінің, Шымкент қаласының білім басқармасы, «Жас сарбаз» РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағаларының қатысуын ұйымдастырумен «Әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жасөспірімдерді патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен баулу жүйесінің нақты және басты бағыттарын қалыптастыру, рухани адамгершілік қасиеттерін сіңіру мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында, қоғамдық бірлестіктер төрағалары өздерінің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесуді кіріспе сөзбен бастаған Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров, уақыт тынысын дөп басып, заман талабына бейімделе білген жасөспірім ешқашан ұтылмайды және кез-келген сынаққа дайын болатын айтып өтті.

— Бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздік жолында күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін күреседі. Өскелең ұрпақ аға буынның тәжірибесін пайдаланып, болашақ үмітімізді ақтайды деп сенеміз. Сондықтан, жастар көп білім алып, өздерін рухани жағынан байытып, нағыз азамат ретінде қалыптасу керек, — деп өз ойын түйіндеді подполковник Ринат Мадьяров.

Бас қосқан бірлестіктер төрағалары әскери-патриоттық тәрбиеге нақты бастамаға бірлескен жоба дайындау, әскери-патриоттық орталық пен әскери-лагерь базасын құру, патриоттық бағытта акциялар ұйымдастыру, робот техникаларды және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту сынды жоспар құрып, бірлесе жүзеге асыру туралы келісім жасалды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Онлайн бақылау-касса машиналары штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Next Post

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа автокөліктер берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі