13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында ауруханадан өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды

28 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында ауруханадан өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Созақ аудандық ауруханасында шыққан өрттен 57 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін жергілікті уақыт 11 сағат 49 минутта Созақ аудандық өрт сөндіру бөлімінің жедел желісіне Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде орналасқан 2 қабатты ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жедел өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен. Нәтижесінде өрт сөндірушілер 57 адамды эвакуациялады.
«Өрт оқиғасы орнына №11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде аурухананың №11 палатасында төсек-орын жабдықтары жанып жатты. Өрт сөндірушілер бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Өрт сағат 12-02-де ауыздықталып, 12-10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» — дейді Шыңғыс Сүлейменов Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыөрт
Previous Post

Тоқаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды

Next Post

Шымкент үшінші рет «Алтын белгіге» ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі