13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бизнесті дамыту жүйесіне өзгерістер енгізілмек

25 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында бизнесті дамыту жүйесіне өзгерістер енгізілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихатты талқылау, мәселелерді зерделеу мақсатында өңірдің бизнес қауымдастық өкілдері мен облыс активінің қатысуымен жиын өтті.

Кездесуде бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал бизнесті дамыту, облыс аумағындағы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақыру да сөз болды.

Өмірзақ Естайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде ел игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындауды тапсырғанын атап өтті.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерімен кездесуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше көңіл бөлді. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жан-жақты талқылауды тапсырды. Президенттің тапсырмаларын сапалы және тиімді орындау, өңірімізде адал бизнесті жалғастыру бағытындағы ұсыныс-пікірлеріңізді білу үшін сіздермен арнайы кездесіп отырмыз, — деді облыс әкімі.

Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет агенттікпен арнайы әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, адал бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтты. Тұжырымдама жобасымен таныстырды. Ол құжатқа сәйкес мемлекеттік сатып алу саласы реттеліп, ашықтыққа негізделеді, адалдығымен танылған компанияларға артықшылық беріледі.

Кездесуде бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар кең талқыланып, кәсіпкерлік саласында ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын енгізу мәселері ортаға салынды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Жоғары оқу орындарында жалақы мен шәкіртақы өседі

Next Post

Елімізде қаңтар айының ҰБТ-сы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі