13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 101 мектеп салынады

25 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 101 мектеп салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Шымкентте 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салуға арналған кешенді жоспары әзірленді. Оның ішінде 58-і мемлекет қаржысына тұрғызылса, 4-еуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік,  ал 39 мектеп жеке инвесторлар есебінен салынбақ. Сала мамандарының айтуынша, осы келелі жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілмек.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкентте екі жыл ішінде 32 мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 20 мектеп жекеменшік,  12-сі мемлекеттік бюджет есебінен бой көтерді. Нәтижесінде қаладағы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп, үш ауысымды білі ошақтарының саны 19-дан 9-ға азайған. Сондай-ақ, 2020 жылы Шымкент қалалық білім басқармасы жанынан «Дарын орталығы» ашылды.

Білім саласында ілкімді істер жетерлік. Мәселен, 2025 жылға дейін оқушы саны шамадан тыс мектептер, жаңадан қосылатын мектебі жоқ шағын аудандар, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 4 мектептің мәселесі шешімін таппақ. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2026-2030 жылдарға дейінгі жоспар да түзілуде.

Бүгінде білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің  32 түрі цифрландыру жүйесіне ауысқанын ерекше атап өткен жөн. Айта кетейік,  цифрлық білім беру платформасына қала мектептері толығымен қосылған. Ал, инклюзивті білім беру сапасын арттыру мақсатында 4 ПМПК (педагогикалық медициналық психологиялық кеңес), 2 педагогикалық психологиялық түзеу кабинеті ашылды.  Бүгінде жалпы 5 ПМПК, 7 түзету кабинеті жұмыс істеп тұр.

2021 жылдан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «hr-process.kz» платформасы құрылып, мектеп ұстаздары мен директорлары ашық әрі бәсекелестік ортада таңдала бастады.

«Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асты. «Дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы» және «Дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты», 5 «IT  мектеп-лицейі» қайта құрылды. Әдістемелік орталық жанынан «Инклюзивті білім беру», «Халықаралық зерттеулер, талдау және сараптау» бөлімдері ашылды.

Сонымен қатар, мүгедек балаларға арналған Сайрам көмекші мектеп-интернаты, көмекші мектеп интернат-колледж болып қайта құрылды.

Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледж заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықталып, 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды.

Шымкентте білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейту мақсатында да біршама жұмыс атқарылған. Білім беру ұйымдарына 100 пайыз арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері орнатылып, ғимараттың кіреберістеріне толығымен турникет орнатылған. Сондай-ақ,  100 пайыз дабыл батырмалары жүргізіліп, Шымкент қалалық Полиция Департаментінің  Жедел басқару орталығына қосылған. Қаладағы барлық мектептерде мамандандырылған күзет мекемелерімен келісім-шарт түзілген.

Previous Post

Шымкенттің бюджеті 2 жылда 2 есе өсті

Next Post

Шымкентте екі жылда 70 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі