13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КЕНТАУДА БІРҚАТАР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

8 июня, 2020
in Қоғам
0
КЕНТАУДА БІРҚАТАР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы Қотыр бұлақ елді мекенінде салынып жатқан күн сәулесінен қуат алатын электростанция құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. «Hevel Kazahstan» ЖСШ жүзеге асырып жатқан жобаның құны –15,9 млрд теңге. Сондай-ақ, Кентауда полиэтиленді құбыр, радиатор шығару цехтары және «Темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты» биыл іске қосылады, — деп хабарлайды «Turkistan-media» ақпараттық порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте атқарылған жұмыстар жайлы баяндаған Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов осындай деректерді келтірді. «Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Шаға және Ораңғай ауылдарында бір мектеп күрделі жөндеуден өтті. 36 жол жөнделіп, жаяу жүргінші жолдары салынды, көшелер жарықтандырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 1 мектеп күрделі, 35 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. Көшелер жөнделіп, саябақтар абаттандырылды. Көпір және жаяу жүргінші жолдар жөнделуде. Аталған бағдарлама аясында 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған», – деді Кентау қаласының әкімі.

Облыс әкімі кезінде өндірісі өркендеген өңір болған 65 жылдық тарихы бар Кентау қаласын Түркістанмен қатар дамытуды мықтап қолға алуды тапсырды. Қалаға қарасты ауылдық округ халқының әлеуметтік, құрылыс, инфрақұрылымдық мұң-мұқтаждары мен өзекті мәселелерін дер кезінде шешуді қала әкіміне жүктеді. Сондай-ақ ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және өндірісті дамытып, инновациялық жобаларға басымдық беруді міндеттеді.

Түркістан облысы

Previous Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМИДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛАУШЫЛЫР ҮШІН ЭКСПРЕСС МАРШРУТТАР ЖҮРЕ БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі