13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шалғайдағы тұрғындардың мәселесі шаһар басшысының тікелей бақылауында

24 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шалғайдағы тұрғындардың мәселесі шаһар басшысының тікелей бақылауында
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықты толғандырған мәселені бірлесе шешу үшін қала орталығынан шалғайда орналасқан Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс, Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас тұрғын алабтарының тұрғындарымен кездесті.

Әкімшілік ғимаратта болған кездесуде қала әкімі тұрғындармен ашық диалог құрып, олардың мәселесін тыңдады. Ондағы халық бес елді мекенге ортақ мәдениет үйін салып беруді, кабельді интернет желісін тартуды, Маятас тұрғын алабына қарасты Белтерек, Көзді ата, Нұрлытаң көшелеріндегі ағын су мен жайылым жер мәселесін көтерді.

Ал, Елтай тұрғын алабының тұрғындары жаңа мектеп құрылысын салып беруді айтса, ауыл белсенділері Маятас, Жыланбұзған, Тоғыс тұрғын алаптарынан өтетін «Бадам» өзені жағалауларына бетонды дамба қойып, бекіту жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруды және Айнатастағы №126 мектепке қосымша 100 орындық оқу корпусын салу және акт зал, спорт зал, шеберхана қажет екен жеткізді.

Шаһар басшысы өкілетті орган басшыларына тұрғындардың шағымдары мен өтініштеріне ерекше көңіл бөлуді айтып,  мәселені шешу үшін сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

«Мемлекет басшысы кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды тапсырды. Осы бағытта жұмыс жасаудамыз. Әрбіріңіздің айтқан ұсыныстарыңызбен, өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды. Заң аясында қарастырамыз.  Біздің міндетіміз инфрақұрылымды жетілдіріп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру»,-деді М.Әйтенов.

Қала бюджетінің 20 пайыздан астамы мегаполистің инфрақұрылымын дамытуға бөлінетінін айтқан шаһар басшысы оның ішінде басым көпшілігі шалғай елді мекендердің инфрақұрылым мәселесін шешуге бағытталып келетінін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

М.Әйтенов жаңадан ашылған медицина орталығының жұмыс барысымен танысты

Next Post

5 жылдық жол картасы Еңбекші ауданының инфрақұрылымын дамытуға арналған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі