Әуе қатынасы тоқтатылмайды. Алайда Өзбекстанға келетін адамдар ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Бұл туралы Sputnik.kz мәлімдеді.
Өзбекстан 15 қаңтардан бастап Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекарадан өтуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды елдің сыртқы істер министрлігі.
«Аталған шаралар Өзбекстанға коронавирустың жаңа штаммы — «Омикронды» кіргізбеу үшін қолға алынып отыр», — делінген ресми хабарламада.
Әуе қатынасы тоқтатылмайды. Алайда Өзбекстанға келетін адамдар ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті.
Анықтама, кем дегенде, 48 сағат бұрын алынуы шарт. Бұдан бөлек, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған экспресс-антиген тестті тапсыру қажет.
Дегенмен, кейбір адамдар автокөлікпен мемлекеттік шекарадан өте алады.
Олар:
- елге оралатын Қазақстан және Өзбекстан азаматтары;
- үкіметаралық фельдъегерлік байланыс мамандары;
- халықаралық жүк тасымалын жасайтын жүргізушілер;
- ресми (үкіметтік) делегациялардың құрамында жүрген адамдар;
- дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстанның нысандарына қызмет көрсететін мамандар, сондай-ақ, Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстанның нысандарына қызмет көрсететін мамандар;
- инвестициялық жобалар аясында қызмет атқарып жүрген азаматтар;
- Өзбекстанда тұрақты түрде тұратын Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұрақты түрде тұратын Өзбекстан азаматтары;
- емделуге баратындар, ауырып жатқан жақын туыстарына баратындар және жақын туыстарын жерлеуге шыққандар;
- марқұмдардың денесін алып келе жатқандар.