43 жастағы Самат Әбіш Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін ведомствоның бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sputnik.kz
«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жылсайынғы демалысында», — делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны хабарланды.
43 жастағы Самат Әбіш Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етеді. Генерал-лейтенант шені бар.