13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

13 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
39
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.:

14 қаңтар жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

14 қаңтарда Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 17-22 м/с, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 14 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, және орталығында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: түнде және таңертең 14 қаңтарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

14 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. 14 қаңтарда түнде Түркістан қаласында тұман күтіледі.

14 қаңтарда түнде Шымкент қаласында тұман күтіледі.

14 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ сақталады. Қызылорда қ.: 14 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ сақталады.

14 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Қарағанды қ: 14 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.

14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с. 15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ: күндіз 15 қаңтарда бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Қыста жолға шығар алдында мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады. 

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Previous Post

Қазақстанда педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Next Post

Шымкентте бейнебақылау камералары қалыпқа келтірілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі