13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімінің бірінші орынбасары қалалық №5 емхананың жұмысымен танысты

13 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімінің бірінші орынбасары қалалық №5 емхананың жұмысымен танысты
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты.

—Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, соның ішінде 200-ден астамы стационарда ем қабылдауда. Бұл — біз білетін цифр. Ал, біз білмейтін, ауырса да емханаға бармай, ПЦР тест тапсырмай жатқан адамдар қаншама?,  — деген Шыңғыс Жұмабекұлы тұрғындарды аса маңызды себеп болмаса, көпшілік орынға бармауға және вакцина салдыруға шақырды.

—Қалада былтырдан бері 600 мыңнан астам адам вакцина қабылдады. Сонымен қатар 40 мың адам ревакцинацияланды. Әсіресе, жүкті әйелдер, балалар, егде жастағы адамдар мен созылмалы ауруы бар науқастар міндетті түрде вакцина салдыруы тиіс. Бұл — қауіпті дерттен сақтанудың жалғыз жолы, — деді Ш.Мұқан.

Қала әкімінің бірінші орынбасары №5 емхананың ситуациялық орталығының жұмысымен танысты. Мұндағы жедел желіге өз бойында коронавирус симптомдарын байқаған пациенттер хабарласа алады. Оған дереу тиісті мамандардан құралған  мобильді топ жөнелтіледі. Сондай-ақ, мамандар ертелі-кеш емханада тіркелген жүкті әйелдер мен қауіп тобындағы азаматтарға телефон арқылы хабарласып, жағдайын біліп отыр.

Айта кетейік, №5 емханада барлығы 58 мың адам тіркелген.

Previous Post

Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды

Next Post

Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі