13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жағдай тұрақты

13 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жағдай тұрақты
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі  Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қала аумағында түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілген. Қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда.

Қалада жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 568 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 442 құқық бұзушылық анықталды. Оның 298-і бойынша қамауға алу, 44 айыппұл және 100 ескерту шарасы қабылданды.

«Коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 204 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 75-і қамауға алынды. Қала шекараларында орнатылған блокбекеттерде 15 мыңға жуық автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 78 азамат қамауға алынды.

Қылмыскерлердің ұяшықтарын анықтау мақсатында экстремизм және көші-қон желісі бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, қаладағы жалдамалы пәтерлер пысықталуда. Оның нәтижесінде бір тұрғынның балконынан тротуар тастары табылып, ал басқа жалдамалы пәтерден Түркістан облысының 4 тұрғыны ұсталды. Олардан Шымкент қаласының «Метро» сауда орталығында тәртіпсіздік кезінде ұрланған азық-түлік тауарлары тәркіленді.

Қазіргі уақытта қалалық полиция департаменті әскери бөлімдер және ТЖД күштерімен бірлесіп, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде.

Осы ретте, қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 223 жоба қолдау тапты

Next Post

Шымкентте 100-ге жуық индустриялық жоба жүзеге асырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі