13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жолайрық құрылысы басталды

11 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жолайрық құрылысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол құрылыстарының барысын аралады. Шаһар басшысы алдымен 8 қаңтар күні басталған Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының барысымен танысты.

Қаладағы көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында 2022-2023 жылдар аралығында үш деңгейлі жолайрық салынады. 2022 жылғы қаңтарда нысанның алғашқы қазығы қағылып, жер қазу жұмыстары басталмақ.

Құрылыс жұмыстарына байланысты Арғынбеков көшесінің қос бағыты бойынша көлік қозғалысы сегіз айға шектеледі. Батыстан шығысқа қарай Байтұрсынов көшесінен Бәйдібек би даңғылы аралығы және шығыстан батысқа қарай жаяу жүргіншілерге арналған жол өткеліндегі бағдаршамнан Бәйдібек би даңғылы аралығы жабылады. Көлік қозғалысы үшін альтернативті магистралдар ретінде Рысқұлов және Төлеметов көшелері белгіленген.

Жолайрықтың техникалық сипатына сәйкес, Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Құрылыс жоспары бойынша ені 80 метрлі 4-6 жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек.

Арғынбеков Бәйдібек би көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына сәйкес, №92, 104, 141, 146 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Қазақстанның жаңа премьері тағайындалды

Next Post

Шымкент : Жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі