13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

3 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Ордабасыда жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынған заманауи спорт кешенінің жұмысымен танысты. Бұл нысан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген.

Ауыл тұрғындары мен жастарын бұқаралық спортқа баулитын дене шынықтыру және сауықтыру кешенін аралап көрген өңір басшысы спорттың маңызды сала екенін жеткізіп, ауыл тұрғындары үшін спортпен айналысуға жағдай жасау жалғасатынын айтты. Сонымен бірге Өмірзақ Естайұлы осы кешенде жаттығып жүрген жергілікті жас спортшы, бокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Аралбек Қосымбайдың бокс қолғабына қолтаңбасын қойып, спорттағы қадамына сәттілік тіледі.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС жүргізген. Мамыр айында басталған жұмыс Тәуелсіздік мерекесіне орай аяқталып, елдің игілігіне беріліп отыр. Қазіргі таңда 2,3 гектар аумаққа орналасқан спорт кешенінің сыртында воркаутпен айналысуға арналған алаң, футбол, шағын футбол, баскетбол және волейболға арналған алаңдар бар. Сондай-ақ спорт кешенінде еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс бойынша күнделікті жаттығулар өткізілетін залмен қатар қол добы, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды командалық ойындармен айналысуға жағдай қарастырылған.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы
Previous Post

Шымкентте ардагерлерге құрмет көрсетілді

Next Post

Түркістан облысында жаңа жылда 59 сәби дүниеге келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі