13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте  агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау тәсілдері талқыланды

30 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте  агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау тәсілдері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығын дамытуға жыл сайын субсидия мен басқа да мемлекеттік қаржылай қолдаулар көрсетілуде.

Аталған саланы субсидиялау барысы мен тәсілдерімен Шымкент қаласындағы кәсіпкерлерді кеңінен ақпараттандыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы бірлесе кездесулер ұйымдастыруда.

Кезекті іс-шара М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А.Джанбатыровтың, Департаменттің өкілі Ж.Қамбардың, қалалық ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының төрағасы Е.Сатқанбаев, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелде Департамент өкілі Ж.Қамбар бүгінгі кездесу субсидия бойынша кеңінен ақпарат беруге арналғанын жеткізді. Себебі, спикердің айтуынша Агенттікпен ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргізілгендігін атап өтіп, нәтижесінде көптеген кәсіпкерлердің  субсидиялар алу түрлері мен тәртібін білмейтіндігі анықталған.

Өз кезегінде Басқарма тарапынан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаулар мен субсидиялауға қатысты ақпараттар беріп, сұрақтар туындаған жағдайда 8(7252) 24-75-40, 24-75-34, 24-74-08 телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырды.

Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Агенттіктің 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа немесе Департаментке хабарласа алатындығы жеткізілді.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу заңнамалық түрде белгіленген. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылады.

Previous Post

Ауыл шаруашылығына субсидияларды заңды түрде қалай алуға болады?

Next Post

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа пәтер кілті тапсырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі