13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша білімдерін бекітті

10 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша білімдерін бекітті
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа оқу кезеңі басталар алдында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жеке құрамымен қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау бойынша кешенді сабақтар өткізілді.

Төрт оқу сағаты ішінде сабақ жетекшілері жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарын жеткізді. Сабақтар жеке құрамды, бірінші кезекте – қызметке жаңадан кіріскен жас буынды оқыту үшін, өзінің қызметтік міндеттерін орындаудың қауіпсіз тәсілдеріне, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жарақаттанудың алдын алуға арналған болатын. Дәрістерге шоғырланған жеке құрам сабақ бағдарламасын толық меңгеруі үшін17 оқу орны ұйымдастырылды.

Бригада командирі полковник Нұркен Қарағұловтың айтуынша, оқу орындарында әскери қызметшілерге әскери техниканы қауіпсіз пайдалану, қару-жараққа қызмет көрсету ережелерін, улы заттарды пайдалану кезіндегі сақтық шараларын, қарауылда қызмет өткеру барысында және атыс даярлығы бойынша сабақтарында, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрсетіп және түсіндірді.
— Қарумен жұмыс істеу ережелерін сақтаудың маңыздылығы АК-74М-ден бос патрондармен жарақаттарға еліктей отырып манекенге ату мысалында көрсетілді. Сонымен қатар, жеке құрамға жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің негізгі сипаттамалары, сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы көрсетілді. Барлық теориялық бөлім қару — жарақ пен әскери техниканың нақты үлгілерінде практикалық көрсетіліммен сүйемелденді, — деп қосты полковник Нұркен Қарағұлов.
Механикаландырылған бригададағы әскери қызметшілерге осындай нұсқама жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жылына екі рет, қысқы және жазғы оқу кезеңінің алдында жүргізіледі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттің әскерилері диверсияға қарсы қауіпсіздігін пысықтады

Next Post

Қырымбек Көшербаев Түркістандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі