13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Асар-2 тұрғын алабында табиғи газ құбыры іске қосылды

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Асар-2 тұрғын алабында табиғи газ құбыры іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы уақытта жергілікті халық «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады. Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Асар-2 тұрғын алабының тұрғындарына табиғи газ берілді. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта жергілікті халық «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаудандары. Сонымен Тұран шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегі биыл аяқталатын болады. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған. Жоба бойынша Тұран шағынауданында 2 554 тұрғын үй 2023 жылдың маусым айында табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу күтілуде. 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері де табиғи газбен қамтылатын болады. Ал, 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды.

«ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады. Сонымен қатар, табиғи газбен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі. Ал, Айкөл елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында 2024 жылы жобалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Previous Post

Мыңнан астам шымкенттік тұрғын некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген

Next Post

ШЫМКЕНТ: Тауарды қайта өңдеуші 6 кәсіпорынға қолдау көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі