13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Шардарада «Бақытты отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Шардарада «Бақытты отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан обылысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінде «Бақытты отбасы»тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиынның басты мақсаты — демалыс уақытында құқықбұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар, демалыс кезіндегі /судан, оттан, телефон/ техника қауіпсіздігі туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Мамандар бұл жиын «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» бейнебаян көрсету арқылы ата-ана жаупкершілігін арттыруға сеп болады дегендіде алға тартуда.

Жиын барысында мектеп директоры Ж.Нуралиева сөз бастап, жиналысты ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Балалардың демалыс уақытында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Бурханов сөз кезегін алды. Ата-аналар жиналысын өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың, мереке қарсаңында мұғалімдер мен ата-аналар арасында сыйлық берудің жауапкершілігі туралы да айтып өтті.

Балаларға үлкендер жағынан өзіне деген зейінін, көңіл аударуын өте қажет. Бір адамның алақаны, екінші адамның алақанына тигенде, екі жақты қарым-қатынас орнайды. Ешкім ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасқа кедергі жасай алмайды. Ата-ана махаббатын балаларымыз әрдайым сезінсе, көрсе, ол балаларға шексіз бақыт әкелетінін, бүгін біз сіздермен түсініп көріп, пікірлесіп отырмыз. Біздің міндетіміз балаларымызға аналық махаббатымызды, өз сүйіспеншілігімізді көрсете білу, жанымыздың мейірімімен жылуымызды беруге үйрену,- деді мамандар.

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбы бойынша мектеп психологы М.Есенбекова бейнебаян арқылы балаға беріліп отырған тәрбиенің болашақтағы жемісі туралы көрсетті. Келесі сөз кезегін алған құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбы бойынша аймақтық мектеп инспекторы Ш.Ибадуллаев ата-аналарға балалрының түнде көшеге шығып кетпеуін, көлік айдамауын, ата-анасы қасында отырса да көлік тізгінін балаға беріп қоймауын айтып, үнемі қадағалауын талап етті. Әрбір олқылықтар үшін айыппұл жазылатынын анықтап айтып өтті.

Сонымен қатар, мектеп директоры Ж.Нуралиева ата-аналарға 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп өтті. Жиналыс соңында ата-аналардың да ұсыныстары тыңдалды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов жылу маусымына дайындықты қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚУШЫЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ РАБОТАТЕХНИКА САЛАСЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі