13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толды!

24 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ: Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толды!
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қыдыр Мәмбетұлы ауылдық кітапханасында жауынгер жазушы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай «Аты аңызға айналған партизан» атты ерлік сағаты өтті. Шараның мақсаты, партизан жазушысы, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру. Оқырмандарды елін, жерін, Отанын қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ тарихындағы көзі тірісінде аңызға айналған тұлғалардың бірі — ержүрек батыр Қасым Қайсенов. Ол 1918 жылдың 23 сәуірінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда аталған ауданның орталығы — Қасым Қайсенов кенті (бұрынғы Молодежный кенті) деп аталады. Әйгілі партизан 1934 жылы мектеп бітіріп, Өскемендегі саяси-ағарту техникумына түседі. Арада төрт жыл өткеннен кейін Павлодар қаласындағы облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып жұмысқа тұрған. Қызмет барысында өзгелерден ерек, әрі талабы ұшқыр жас жігіт әскер қатарына шақырылып, дағдысына қарай әскери-барлау мектебіне оқуға жолданады. 1941 жылы Мәскеу қаласындағы барлаушылар мектебінде оқып жүрген кезінде соғыс өрті лап ете түскен еді.

23 жастағы қазақтың қайсар жігіті соғыс басталған жылы жаудың табанында қалған Украина жеріне жіберіледі. «Қасым деп атады, ал фронтта мен Вася болдым…» деп кейін өзі еске алғанындай, ол Булатов Василий Михайлович атымен жаудың тылында жалған құжатпен күрес жүргізеді. Ол кезде Украина жері — нағыз желдің өті, жаудың беті болатын. Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарған батыр күтпеген жерден жауға тап беріп, із қалдырмас нағыз әккі ұрысты жүргізе білген. Топтасып шықса дұшпан қолының апыр-топырын шығаратын партизандар ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен еді. Соңына бес жүз партизанға дейін ертіп алып, қапыда жауды састыратын Қасымның ерлігі ол тұста Мәскеуге аңыз боп жетіп жататын. Себебі, жүрек жұтқан көзсіз партизандардың алдыңғы шебінде қазақтың Қасымы жүрген еді.

Соғыс аяқталғанға дейін Украинаның Закарпатье, Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарында Қасым батыр жасындай жарқылдайды. Отряд командирі болған шағында жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. 1944 жылы Украинаның Закарпатьесі мен Карпатты азат етуге қатысқан. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады. Одан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары болып еңбек етеді.

Қаламгер-партизанның қаламынан «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында» атты кітаптар дүниеге келіп, шынайы ерлікті бейнелеген еңбектері оқырманның зор сұранысына ие болған.

Previous Post

ШАРДАРА: ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРҒА АТ МІНГІЗДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі