13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ «ҚАЙНАР ҚҰСТЫҢ» ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

24 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ «ҚАЙНАР ҚҰСТЫҢ» ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданындағы «Қайнар құс» фабрикасының өнімдеріне сұраныс артып келеді. Қазір аталған фабрика дайын өнімді Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сондай-ақ, көрші Таразға саудалайды. Алдағы уақытта тауық етін бүкіл республикаға сатуды мақсат етіп отыр.
Бүгінде фабрикада асыл тұқымды құс өсіріліп, құс еті өндірілуде. Фабрикада 42 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 мың тонна болса, өндірістік қуаттылығы 4 мың тоннаны құрайды.

Құс фабрикасы 2022 жылдың шілде айында «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-нан 200 млн. теңге көлемінде айналым қаржы ретінде несие алған. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі — 14%, оның ішінде — 10% мемлекеттік қолдау (субсидия).

Кәсіпорын 2022 жылы тамыз-қыркүйек айларында Түркия мемлекетінен 230 400 дана «Росс-308» тұқымының жұмыртқасын сатып алып, жалпы тірідей салмақта — 452,4 тонна құс етін өндірген.
Айта кетсек, таяуда Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауыл округіне қарасты Қайнар ауылындағы “Қайнар құс фабрикасына” барып, жұмыс барысымен танысқан болатын.

Ордабасы ауданы экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 % құрайды. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады. Бүгінде Ордабасы ауданында «Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Өндіріс орнының құрылысы 2020 жылы аяқталған. Жұмысының ІІ кезеңін биылғы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосқан. Жылына 100 мың тонна шикізат өндіреді. Жоғары маркалы бензиннен бастап, бірнеше өнім шығарылады. 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардың орташа айлығы 120-150 мың теңгені құрайды. Көмір-химия зауытының әлеуетін мамандар жоғары бағалап отыр.Ордабасы ауданында «Бірыңғай индустрияландыру картасы» аясында 2022-2025 жылдары жалпы инвестициялық құны 105,7 млрд. теңге болатын және барлығы 1060 жаңа жұмыс орнын құратын 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Биыл 3 жоба іске қосылды. Ал, «Бадам» индустриалдық аймағында жалпы құны 21 млрд. 234 млн. теңгені құрайтын 6 жоба орналасқан.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА КЕЗ КЕЛГЕН КІТАПТЫ QR КОД АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі