13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӨНЕ ҒАСЫРЛЫҚ ҚҰНДЫ ТАРИХИ ЭКСПОНАТТАР САҚТАЛҒАН

24 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӨНЕ ҒАСЫРЛЫҚ ҚҰНДЫ ТАРИХИ ЭКСПОНАТТАР САҚТАЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде тарихи-археологиялық мұражай жұмыс істейтінін көпшілік біле бермейді. Мұражайда біздің заманымыздың ғасырларына жататын тарихи құнды экспонаттар сақтаулы тұр.

– Музей біздің заманымызға дейінгі және біздің заманымызда I-XIII ғасырда табылған заттардың есебінен құралған. Археологтардың пайымдаған қорытындысы бойынша бұл жерде орта ғасырдағы Қаңлы мемлекеті болған және Қарахан мемлекеті кезіндегі хронологиялық кезеңге жататын заттар табылған. Бұл аумақ үлкен қала болып, Қаңлы мемлекеті ханының жазғы саяжай болғаны айтылады. Сонымен қатар, үлкен өнеркәсіптік қол өнер орталығы болған аты белгісіз қала, — дейді мектеп музейінің меңгерушісі Қайрат Үсенов.

Тарихи деректерге сүйенсек, археологиялық қазба жұмыстары 1985-1986 жылдары жүргізілген. Қазба жұмыстарына сол кездегі Қазақ КСР-сы Ғылым Академиясына қарасты Археология институтының ғылыми қызметкері, ғылым докторы К.А.Ақышев пен тарих ғылымының кандидаты А.Подушкин жетекшілік жасаған.
Мұражай 1990 жылы Келес аудандық атқару комитетінің 28 ақпандағы №497 шешімімен ашылған. Мұражайды ұйымдастырып ашқан азаматтар – сол кездегі Келес аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы, қазақ халқы мен тарихының жанашыры – Гулнара Ақбердина, Жүзімдік кеңшарының директоры, ұлт пен ана тіліміздің жанашыры, мәдениет пен өнер қамқоршысы – Беркін Қалмаханов, №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бала тәрбиесінің бағбаны, майталман маман – Асқанбай Есенбековтер болды.

Ауыл тұрғындары да музейдің экспонаттық қорын толықтыруда ерекше белсенділік танытып, үйлеріндегі ескі тарихи жәдігерлерді мұражайға әкеліп тапсырды. Атап айтқанда, ауыл ақсақалдары мен азаматтары – Ахметов Исабек, Сәрсенов Нарбай, Ботбаев Сыдық, Пазылов Артықбай, Үсенов Ақберді, Парманов Ақжол, Сапаров Қамбарқұл, Иманов Жолдас, Айдаров Қалыбек, тағы да басқалар бар.

Previous Post

ОТЫРАР: ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙ АУДАНДАРДА МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАНДАНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі