13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жыл басынан 28 553 құралдармен қызмет түрі көрсетілген

25 ноября, 2022
in Қоғам
0
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жыл басынан 28 553  құралдармен қызмет түрі көрсетілген
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте өткен жылдан бастап әлеуметтік қызметтер портал іске қосылған болатын. Әлеуметтік қызмет порталы мүгедектігі бар жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді. Мысалы, протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді көздейді. Оған қосымша арнаулы әлеуметтік қызметтер бар.

Арнаулы қызметке жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметі кіреді.

Порталдың жұмыс бастауына басты себеп – уақыт үнемдеу. Өйткені бұдан бұрын мүгедектігі бар  тұлғалар оңалту құралдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша алатын. Оны алу мен кезекке тұруға айлап уақыт жоғалтуға тура келетін. Қазір күту мерзімі бір-екі аптаға созылса, оңалту құралдарын өз бетімен таңдауға да мүмкіндік туған. Бастысы бәрін «бір терезе» қағидасы арқылы басқаруға болады.

Ағымдағы жылдың 11 айында 55 құралдар түрі мен 3 қызмет түрі бойынша мүгедектігі бар азаматтар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруде. Нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға 28 553  құралдармен қызмет түрі көрсетілген.

Атап айтсақ,

— протездік-ортопедиялық құралдармен қамтылу көрсеткіші — 4618

— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен қамтылғандар -986

— мүгедектер арбасын алушылар — 1122

— жеке көмекшінің, ымдау тілі мамандарының қызметтері — 397

Қазіргі уақытта Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар саны — 38 880. Оның ішінде І топтағы азаматтар саны- 3 691, ІІ топтағы-15 212, ІІІ топтағы -12 739 адам. Ал, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -7 238.

— Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 53 автокөлікке 886 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәлеуметтік сала
Previous Post

Шымкент: Жаңа «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы таныстырылды

Next Post

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары прокуратураның бақылауында

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі