13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Этнос өкілдері қазақтың киім үлгілерін көрсетті

18 ноября, 2022
in Мәдениет
0
Этнос өкілдері қазақтың киім үлгілерін көрсетті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент еліміздегі сән өнері кең өріс алған шаһар. Сан түрлі этнос өкілдеріне құт қоныс болған қаламызда бірнеше тігін фабрикалары, сән ательелері жұмыс істейді. Киім үлгісінде ұлттық ою, орнаменттік элементтерін қолдану арқылы эксклюзивті өнімдер шығару жолға қойылған.

Бүгін қалалық «Достық үйінде» сән өнерін арқау еткен «Этно fashion» дефиле байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткен байқауға этностық топ өкілдерінің қыз-келіншектері қатысып, қазақы нақышпен тігілген киім үлгілерін көпшілікке таныстырды.

Сән-салтанатты мазмұн еткен бұл іс-шарада қазақтың ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, ұлтымыздың өнері мен мұрасы, дәстүрлі дүиетанымы дәріптелді. Этноқұндылық санатындағы бұл киім үлгілері қыз-келіншектеріміздің иманжүзділігін, инабатын, қорғанын, талғамын, дәрежесін айшықтайды.

Сән өнерін тамашалаған қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын төмендегіше бөліп, сый-сияпатын табыстады:

Ергешбаева Дильбар — І-дәрежелі дипломмен;

Филипчук Анастасия — ІІ-дәрежелі дипломмен;

Бабаева Багуль — ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, «Қазақтану» жобасы – өзге ұлт өкілдері мен қазақтың арасын жақындату, бір ұлтты кеңірек тану тақырыбындағы көлемді жұмыс. Әрине, Қазақстандағы этностар мен қазақтар өзара танысып, бір-бірінің тарихта жүріп өткен жолына қанығып, татулық пен бірлікте өмір сүрсе, елде үнемі тұрақтылық болмақ. Бір-бірін тану, түсінуге ұмтылудың өзі халықтарды жақындастырады. Қазақтың ұлттық құндылығын, дәстүрін насихаттау, қазақтың киелі жерлері арқылы қазақты тануға қызығушылық тудыру – қазақтану жобасының негізі. Жоба аясында еліміздің қасиетті жерлерін аралау мен лекторийлер өткізу жоспарланған. Бұл – уақытша науқан ғана емес, осы салада жүрген мамандардың күнделікті жұмысы. Сондықтан, қазақтың дәстүрін, мәдениетін өзгелерге танытып, тілді насихаттау сынды жұмыстың барлығын кешенді түрде жүзеге асыру көзделген. Елімізде бір жағынан мемлекеттік тіл саясаты орындалып жатса, бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттығымызға қосымша дем беретін шара болып отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Этно fashion»Шымкент
Previous Post

Шымкент: День работодателей отметили торжественно

Next Post

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АҚБЕРЕН" БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі