13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫ АРДАГЕРЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

19 сентября, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫ АРДАГЕРЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде ардагерлер арасында бұқаралық спортты жаңғырту күн тәртібінен түскен емес. «Қарттары бар ел — қазыналы». Бұл ретте, республикамыз бойынша Орал қаласында 15-18 қыркүйек аралығында ардагерлер арасындағы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қоғамдық өміріміздің дамуына мол үлесін қосқан спортшы-ардагерлер арасында тартысты өткен бұл жарыс дәстүрлі түрде өтеді.

Жарыс барысында ардагерлердің арасында кеңінен дамыған ұлттық спортымыздың көшін бастаған қазақ күресі, волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисінен бақ сынасты.

Аса тартысты өткен республикалық сайысқа Шымкент қаласы мен Ақмола, Түркістан, Атырау, Жетісу, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлерінен командалар қатысып, күш сынасты.

Түркістандық балуандар қазақ күресінен еліміз бойынша өткен республикалық жарыста мықтылықтарын көрсетіп, боз кілемде қарсыластарын тізе бүктірді. Қазақ күресінен бас жүлдені иеленген жерлестеріміз алтын медаль иеленіп, туған елге олжалы оралды.

Айталық, Түркістан облысының талантты ардагер балуаны 74 келідегі Құрманғазы Бейсенов спартакиданың жеңімпазы атанды. 50 жастан асқан спортшы ардегерлеріміз де барлық спорт түрлерінен шеберліктерін көрсетті. Бұдан өзге спорт түрлері бойынша түркістандықтар волейболдан 3 орын, тоғызқұмалақтан 3 орын, үстел теннисінен 3 орын, шағын футболдан 5 орын және шахматтан 5 орын иеленіп, республикалық додада жақсы нәтиже көрсетті.

Сонымен, спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 122 ұпай жинаған Түркістан облысының командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал, 121 ұпай санымен Атырау облысының құрамасы күміс жүлде, Батыс Қазақстан облысының келген ардагерлер құрамасы 116 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Осылайша, бірлігі мен татулығы жарасқан Түркістан облысының ардегер-спортшылары Орал қаласынан толағай табыспен туған елге оралды.

Previous Post

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА АРНАЛҒАН «АҚИЫҚ АЗАМАТ!» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Next Post

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі