13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ АРНАЙЫ МОБИЛЬДІК ТОПТАР ШЫҒАДЫ

23 сентября, 2022
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТ: ДЛЯ РАЗЪЯСНЕНИЯ ПОЛОЖЕНИЙ  ПОСЛАНИЯ В РЕГИОНЫ БУДУ ВЫЕЗЖАТЬ СПЕЦИАЛЬНЫЕ МОБИЛЬНЫЕ ГРУППЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен арнайы мобильдік топтар құрылды, олар ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Қазақстанның өңірлеріне шығатын болады. Бұл мобильдік топтардың құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Министрліктің еншілес ұйымдарының, Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің аумақтық департаменттерінің, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының және басқа да мекемелердің басшылары кірді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің директоры Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, екі ай ішінде мобильді топтар республиканың барлық 20 өңірін, соның ішінде Шымкентті аралайды. Біздің қаланы аралау барысында олар Халықпен, жұмыс берушілермен, еңбек ұжымдарымен, жастармен, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің ұжымдарымен және азаматтарымен кездесулер өткізеді.

Халыққа отбасының цифрлық картасы деген не және ол не үшін қажет екенін түсіндіретін болады. Өзінің Оңтүстік турнесінде Астана шенеуніктері шымкенттіктерге жұмыспен қамту саласындағы жаңа мемлекеттік саясаттағы жағдай туралы түсіндіріп, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерінде мемлекет басшылығы қабылдап жатқан шаралардың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Мегаполис тұрғындарымен арнайы мобильдік топтар өкілдерімен кездесулерде арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту және зейнетақы төлемдерін арттыру мәселелері де талқыланады. Енді мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандықтарға тиісті органдарға жүгінудің қажеті жоқ — олар үшін оны жаңа электрондық бағдарлама жасайды.

«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді және мемлекеттік қолдаудың барлық тиісті шаралары ескерілді. Жаңа жүйені әзірлеушілердің ақпараты бойынша, қазірдің өзінде цифрлық картада алты миллионнан астам отбасының деректері бар және отбасының портреті деп аталады. Жаңа картаның барлық деректері отбасы және оның мүшелері мәртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылады», — деп атап өтті Б.Өнербаев.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген кезде әлеуетті алушыға СМС-хабарлама жіберіледі. Азамат өзіне Мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім берген кезде ғана ол үшін әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері дереу тағайындалып, кейіннен алушының банктік шотына аударылады.

Жаңа жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап адамдарға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің тоғыз түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі берілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады. Ал 2025 жылдан бастап жаңа жүйемен мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

Республикалық министрліктер мен ведомстволардың мобильді топтары өкілдерінің мегаполис тұрғындарымен өтетін күзгі кездесулерінде Мемлекет басшысының Әлеуметтік-еңбек саласындағы Жолдауының барлық стратегиясы және еліміздің әлеуметтік кодексі жобасының нормалары егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ДЛЯ РАЗЪЯСНЕНИЯ ПОЛОЖЕНИЙ ПОСЛАНИЯ В РЕГИОНЫ БУДУ ВЫЕЗЖАТЬ СПЕЦИАЛЬНЫЕ МОБИЛЬНЫЕ ГРУППЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢ БИІК ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі