13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның алпауыт компанияларының өкілдері келеді

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанға Оңтүстік Кореяның алпауыт компанияларының өкілдері келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орай 12 маусым күні елордада қазақ-корей бизнес-форумы өтеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша форумға екі елдің мемлекет басшылары, сондай-ақ іскерлік кеңестің тең төрағасы ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Кореяның халықаралық сауда қауымдастығының төрағасы Джин Сик Юн қатысады.

Пленарлық отырыс барысында Hyundai Motor Russia&CIS өңірлік штабы басшысының орынбасары Им Дже У, «Astana Motors» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Doosan Enerbility вице-президенті Янг Юн Хо, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов және басқа да ірі компаниялардың басшылығы баяндама жасайды.

Беснес-форум соңында бірқатар коммерциялық құжатқа қол қою жоспарланған.

Осыған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ бұл іс-шараға 50-ден астам компания қатысатынын хабарлаған еді. Олардың қатарында Samsung, LS Corporation, Posco Holding бар. Жалпы, форумға екі елден 300-ге жуық бизнес өкілі қатыспақ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келеді. Көптеген кореялық компания Қазақстан экономикасына инвестиция құйып, жұмыс орындарының ашылуына және өнеркәсіптің өркендеуіне ықпал етіп отыр. Бұдан бөлек, корея¬лық инвесторлар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы, бу-газ электр стансасының құрылысы сияқты ірі жоба¬ларға қатысып, Қазақстанның ұлт¬тық инфрақұрылымын дамытуға өз үлес¬терін қосып келеді.

Previous Post

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрланған көшірмесіне қол жеткізді

Next Post

Молдова Қазақстанда елшілігін ашуды жоспарлап отыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі