Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісінде салада 2023 жыл мен биылғы бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар баяндалды, алдағы жоспарлар туралы айтылды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қоғамдық-саяси ахуалды, үкіметтік емес ұйымдармен байланысты, этносаралық қатынастарды, ақпараттық саясат пен жастар және отбасы мәселесі бойынша жұмыстарды жүргізеді. Басқарма басшысы Б.Өнербаевтың мәлімдеуінше, бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2023 жылы басқармаға 2 192 524,0 мың теңге, 2024 жылға 2 634 805,0 мың теңге қаржы қаралған.Жастар саясаты және отбасы құндылығы
Қалада 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32 пайызын құрайды. Қаладағы 272 мектепте 14 жастан жоғары 62 135 оқушы, 8 жоғары оқу орнында 85 070 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 42 880 студент білім алуда.
2023 жылы жастар саясатын жүзеге асыру бағытында қала аумағында өткізілген іс-шараларға жалпы 360 мыңға жуық жас тартылған. Ал, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары бойынша 965 іс-шара ұйымдастырылып, 120 мың жас қамтылған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бойынша 498 іс-шара ұйымдастырылып, 39 мың жас қатысқан.
NEET санатындағы жұмыссыз жүрген 29 807 жастың тізімі жасалып, оларға оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қаладағы 9 базарда және шалғай елді мекендердің жастарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Өткен жылы халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобалары аясында жұмыспен қамтылған жастар саны 21 450-ғе жетті.
Басқарма тарапынан қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Жаңа өмір» жобасы жүзеге асырылуда.
«Жасыл ел» жобасы бойынша 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар 100 жас қаланың тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасап, қала тарихымен және көне Шымкент қалашығымен танысты. Сондай-ақ, 14 пен 35 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам таланты жастың арасында үстел теннисі мен шахматтан турнир ұйымдастырылып, «Біз жұлдыз болып жанамыз» атты шығармашылық кеш және қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілді.
2023 жылы отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында басқарма тарапынан 4 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар жоғары және орта арнаулы оқу орындарда медиатор, психолог мамандардың қатысуымен 10 рет «Ұлдар кеңесі», 10 рет «Қыздар кеңесі» отырыстары ұйымдастырылды.
Жалпы, басқарма жастар мәселесіне қатысты барлық бағыттар бойынша, оның ішінде суицид, лудомания, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдік, зорлық-зомбылық, жұмыссыздық, жастар мәдениеті және т.б. бағыттар бойынша кешенді жұмыстарды атқарып келеді.
Азаматтық қоғамды дамыту
Бүгінде қаламызда 563-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 100-ге жуығы қазіргі таңда белсенді. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында басқарма 17 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының Рәміздерін қала аумағында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚР Рәміздер күні» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында «Үздік ролик», «Үздік пост», «Үздік іс-шара» номинациялары бойынша байқау ұйымдастырылды.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекетттік комиссияның» Шымкент қаласындағы өңірлік жұмыс тобының қызметі үйлестірілді. Жұмыс тобы республикалық жобалық кеңсемен бекітілген 9 бағыт бойынша қала аумағында және өңірлердегі архивтерде зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2023 жылдың тамыз айында өңірлік ХІ Азаматтық форумы өтті. Форум тұжырымдамасына сәйкес «Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау, волонтерлікті дамыту» тақырыбына арналды.
Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ресурстық орталыққа 2023 жылы 23,5 млн.теңге қаржы қаралған болса, 2024 жылға 22,0 млн.теңге қаржы қаралды.
Қоғамдық-саяси ахуал
Қалада қоғамдық-саяси ахуал тұрақты және орта мерзімді перспективаға оң болжамдалады. Ал қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау бойынша наразы топтардың іс-әрекеттеріне сәйкес тиісті жедел әрекет ету алгоритмдері жасақталған. Бекітілген алгоритмге сәйкес тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылып, мониторинг жүргізілуде. Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында тиісті органдарымен бірлесе жұмыстар атқарылуда. Наразылық акциялар туындауы мүмкін іс-әрекеттер орын алған жағдайда бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыстар жүргізіледі.
Этносаралық қатынастар
Шымкент қаласында этносаралық қатынастар мәселелерінің бүкіл спектрі бойынша жағдайдың дамуы тұрақты және жүйелі түрде бақылауға алынған.
Аталған бағыттағы жұмыстарға қаладағы 17 этномәдени бірлестік пен оның мүшелері кеңінен тартылып, аталған құрылымдар достық пен келісімді нығайтуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып келеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, этносаралық қатынастар саласына теріс ықпал еткен және қоғамда резонанс тудырған оқиғалар тіркелмеген. Шымкент қаласында этносаралық қатынастар мәселелерінің бүкіл спектрі бойынша жағдайдың дамуы тұрақты және жүйелі түрде бақылауға алынған. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында 7 кешенді іс-шаралар жоспары қабылданып, іс-шараны жүзеге асыруға 91 мемлекеттік және азаматтық қоғам өкілдері тартылды. Басқарманың негізгі жұмысы 23 шағын аудан мен тұрғын алапқа бағытталған.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру
Шымкент қаласында барлығы 176 бұқаралық ақпарат құралдары (123 мерзімді баспасөз басылым, 4 электрондық және 1 радио, 48 ақпараттық портал) өз қызметін жүзеге асыруда.
2023 жылы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы – 78 мыңнан астам ақпарат таратылды. Оның ішінде БАҚ-та – 30 мыңнан астам, әлеуметтік желілерде – 48 мыңнан астам материал.
Мемлекеттік ақпараттық саясатқа ақпараттық жұмыстарды жүргізу мен оны күшейту аясында бірнеше бағыттарда арнайы медиа-жоспарлар әзірленіп, оған сарапшылар, ардагер, зиялы қауым, қоғам белсенділері, мәслихат депуттартары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен және қала тұрғындарымен мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Жыл бойына БАҚ-та және әлеуметтік желілерде шыққан 5 мыңнан астам өтініштерге талдау жасалып, оның ішінде – 3 296-на кері байланыс орнатылса, 1 708 өтініш бойынша тиісті