13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ

19 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Даналық клубы-әжелер мектебі” ұйымының позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмысының ажырамас бөлігі ретінде жоспарға сәйкес 5-6-7 сынып оқушыларының әжелері бас қосып, «Қол өнер — сырлы өнер» тақырыбында әжелер сайысы болып өтті.
Сайыс барысында әжелер мен немерелер таныстыру, өз өнерлерін (ұршық иіру, кесте тоқу, бесік жыры) көрсету, сұрақ жауап т.б. тур бойынша сайысқа түсті. Сайыс барысында әжелеріміз өрімдей өсіп келе жатқан қыздарымызға иба, инабаттылық және мәдениеттілік туралы тәлім тәрбиелерін толық жеткізе білді.
Еске салсақ, осыған дейін Арыста «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өткен еді. Шара қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орайластырылды. Мерекелік кешке шаһар басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге Түркістан облысынан келген қадірлі қонақтар қатысты. «Ұлттың ұлт болып қалуы қашан да оның тілі мен ділінің, салт-дәстүрінің бекемдігіне байланысты. Оның негізі отбасылық тәрбиеде жатыр. Осы ретте отбасыдағы ата мен әженің рөлі ерекше. Әжелер мектебі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы», деп ізгі тілегін жеткізді қала басшысы. Игі шараға қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Түркістан облысының Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов пен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл және қаламыздың ардақты ардагерлері қатысты. Шара барысында қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, ұрпақ тәрбиелеуде үлгі болып жүрген ақжаулықты әжелерімізді қала әкімі арнайы алғысхаттармен марапаттады. Мерекелік кеш ары қарай асыл әжелердің мерекелік концерті мен тағылымы мол сахналық көріністерге ұласты. Өнер мен өнегені серік еткен әжелер күздігүні бие ағытардағы ақырғы қымызға көрші-қолаңды шақыру кәдесі саналған «Сірге мөлдірету» рәсімін өткізді. Одан ары қарай, ақ кимешегімен мерекеде сән сыйлап жүрген, әсем дауыстарымен әлемді тербеп, айналаны керемет өнердің шуағына шомылдырған ардагерлердің концертіне ұласты. Айта кетейік, мәдениет пен әдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, оларға тарихымызды танытып, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды үйретіп, үлкен үлгі, өнеге көрсететін Арыс қаласының «Әжелер алқасы» 2013 жылы құрылған. Бүгінде олар ұмыт болып бара жатқан рухани мұраны жаңғырту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді.

 

Previous Post

Түркістан: Оқушылар химиядан білімі жоғары екенін дәлелдеді

Next Post

Жетісай: Әжелер алқасы жанынан құрылған «Әжелер мектебі» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып отбасы мәселелері бойынша жиын өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі