Шардара аудандық білім беру бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі биылғы оқу жылынан бастап Дарынды балалар мен жұмысты жақсарту, олардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы дербес білім беру ұйымдарында оқулары үшін кейінгі жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ жанынан «Виртуалды» және «Каникулярлы» мектептер жобасы ашылып, осы жобаға қатысуда.
Жоба мақсаты – мектептің 5-6 сынып оқушылары арасынан «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» оқығысы келетін дарынды балаларды аталған мектептерде жинақтап қашықтықтан онлайн режимінде тапсырмалар беру арқылы оқытып, дамыту.
Биылғы оқу жылында мектеп әкімшіліктерінің бастамасымен мектепте осындай мақсаттағы құрамында 6 сыныптың 15 оқушысы енгізілген виртуалды топ құрылып, қазан айының 26 — нан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» қашықтықтан онлайн жүйесіндегі арнайы сабақтары жүргізіліп жатыр.
Бұл жоба өз кезегінде біздің мектепте балалар мен ұстаздардың және ата-аналардың қызығушылығын тудыратын балалардың өз беттерінше ізденіп, білімдерін арттыруға әсер етті. Мектептегі виртуалды оқыту топтарының жұмыстарының нәтижесі алғашқы жылы 6-сыныптар бойынша көрініп отырса, биылғы жылы осы топта оқып жатқан 5-сынып оқушылары келесі жылы бұдан да жоғары нәтиже көрсететініне сеніміміз мол.
Каникулярлы мектеп – Назарбаев Зияткерлік мектептерінде орта білім беру ұйымдарының 5 және 6-сынып оқушылары үшін күндізгі оқу арқылы немесе қашықтықтан консультация беру арқылы қосымша білім беру жобасы.
Жжобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының 5 және 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептерге конкурстық іріктеуге дайындау болып табылады.
Виртуалды мектептің қорытынды тестілеуі бойынша ең жоғары баллдың 50 және одан да көп пайызын жинаған оқушылар жазғы және қысқы демалыстарда Каникуларлы мектепке қысқа мерзімді оқудан өту үшін Зияткерлік мектептерге шақырылады.