Түркістан қаласында өткен жылы «Мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы» құрылды. Онда: үйде әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу, белсенді ұзақ өмір сүру және TEN QOGAM секторлары қызмет көрсеті. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 50 орындық қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған ғимараттың құрылысын салу жоспарланды.
Тұрғындар санының өсуіне байланысты Түркістан қаласында 2025 жылға дейін 11 мектеп салынады деп жоспарланып отыр, оның бәрі де бюджет есебінен. 2021 жылы 900 орындық мектеп, 720 орындық Назарбаев зияткерлік мектебі және оның 120 орындық жатақханасы салынған. Бұдан бөлек, «Алтын ұрпақ» бастауыш мектебі, «TURKESTAN бастауыш мектебі», «Береке Болашақ» мектебі, «Білім-Ғылым Инновация» мектебі, BILIM KEMESI мектеп-лицейі, «NUR интеллектуалды мектебі» секілді 6 жекеменшік мектептер пайдалануға берілді. Мұның бәрі халықты білім беру орталықтарымен қамтуға және оларда сапалы білім беру ісін жүргізуге зор пайдасын тигізіп отыр.
Ал денсаулық сақтау саласы бойынша Түркістан қаласында 200 төсек-орындық модульді аурухана салынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 570 төсек- орынға көпсалалы ауруханасының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге туризм саласы Түркістанде бұрыннан жақсы жолға қойылған. Бұл сала бойынша 2021 жылы инвестиция көлемі 102 млрд теңгені құрап, республика бойынша бірінші орынға шықты. 2021 жылы облыста «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандары іске қосылды .
Түркістан қаласының дамуы туралы айтатын болсақ, тұтастай жаңа қала салынды деуге болады. Бұған қоса ерекше үш мәселенің түбегейлі шешілген. Алғашқысы – табиғи газбен қамту. Бұған дейін табиғи газбен қамту деңгейі 26 пайыз болса, бүгінде қала тұрғындарын көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. 2021 жылы табиғи және сұйылтылған газды қауіпсіз пайдалану мақсатында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылып, бұл өз кезегінде қаланың экологиялық ахуалын жақсартып және жасыл экономика бағдарламасына оң септігін тигізіп жатыр.
Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптастырылып, құны 26,9 млрд теңге болатын бес серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қала аумағында 225 гектарда 30 саябақ, 13,6 гектарда 15 сквер мен аллеялар, 129,4 гектарда 9 алаң бар.
Аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетіп халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50 пайызға өсіп, 40 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Түркістан – жай қала емес, алыс-жақынға даңқы кеткен ежелгі тарихи қаланың бірі. Ал қазіргі жағдайда ол уақытпен бірге қарқынды қарыштап, тез дамып келе жатқан заманауи қала.