Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Арғымақ шағынауданындағы инфрақұрлым жұмыстарының барысын тексерді. Шағынауданда қазір 200-ден астам халық қоныстанған. Инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы рет-ретімен атқарылуда.
Арғымақ елдімекені мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен толық қамтылған. Көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүруде, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Қазіргі сәтте ауызсумен қамту жұмысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Елді мекенде жалпы 80 жеке тұрғын үй бар. Нысанның қуаттылығы 405 үйге тіршілік нәрін жеткізуге қауқарлы. 2021 жылы басталған жоба барысында ұзындығы 6 800 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, тұрғын үйлерге қосу жұмысы жүргізілуде. Қалған бос жер телімдеріне су жүйесі тартылған, керек болғанда қосу мүмкіндігі бар.
Бүгінде қалада ауыз су бойынша барлығы 7 нысанның құрылысы жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетпек.
Ал Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданы аумағындағы 195 орамда орналасқан Қызылтас көшесіне орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. Бекітілген сметалық құжаттамаларға сәйкес көшенің ұзындығы 560 метр, ал ені 5 метр жолға асфальт қабаты төселді. Қазіргі таңда көшедегі асфальт салу жұмыстарын мердігер мекеме «БАЗИС-К» ЖШС атқарып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі