13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Қауіпсіздік – 2023» көрмесі өткізілді

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Қауіпсіздік – 2023» көрмесі өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Көрмеде киберқауіпсіздік, бейнебақылау, өртке қарсы қорғаныс және қауіпсіздік жүйелері нарығының ең сұранысқа ие қызметтері ұсынылды. Бүгін Шымкент қаласындағы Көрме орталығында «Қауіпсіздік – 2023» көрмесі өтті. Аталған көрмеде киберқауіпсіздік, бейнебақылау, өртке қарсы қорғаныс және қауіпсіздік жүйелері нарығының ең сұранысқа ие қызметтері ұсынылды.

– Жыл сайын халықтың қауіпсіздікке қызығушылығы артып келеді. Сондықтан біз осы саламен айналысатын, нарықта жүрген компанияларды шақырдық. Осында кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің, пәтерлердің қауіпсіздігіне кепілдік беретін заттардың түр-түрін табуға болады. Индустрия бір орында тұрмайды. Нарықта әсіресе, заманауи бейнебақылау, қозғалысты анықтайтын құрылғылар сұранысқа ие. Бұрын бейнебақылау ақ-қара түспен көрсетілсе, қазіргі камералар түрлі-түсті әрі ақылды саналады. Одан бөлек, қазір GPS жүйесімен ғаламтор арқылы әлемнің басқа бір бұрышынан өз объектіңді бақылап отыра аласың. Көрме сала мамандарына тәжірибе алмасуға және өсуге мүмкіндік беретін бизнес дамудың ең тиімді платформасы болып қала береді, – дейді Көрме орталығының директоры Зухра Әмзеқызы.

Жалпы бұл басқосу қауіпсіздік құралдарын өндірушілердің, монтаждау және жобалау ұйымдарының, түпкілікті тапсырыс берушілердің, қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдар, күштік ведомстволар мен бейінді бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басты кездесу орнына айналды. Көрмеде ұсынылған құрал-жабдықтар ТЖ сала мамандарына да тәжірибе алмасуға және кәсіби жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. «Өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа» дейді халық даналығы. Осы тұрғыда халықтың жиналған қарасына қарап, көрмеге қызығушылығының артқаны байқалады.

Previous Post

Шымкентские текстильные фабрики озвучили свои проблемы перед сенаторами и министрами

Next Post

Шымкентте медициналық-санитарлық көмектің әлемдік озық практикасы енгізіледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі