13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Тұран-2 шағынауданында 20 тұрғын үй салынып жатыр

22 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Тұран-2 шағынауданында 20 тұрғын үй салынып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Тұран-2 шағынауданында 20 тұрғын үй салынуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінде шағынауданның 29- орамында мемлекеттік бюджет есебінен 1080 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз желілері мен электр жүйесі тартылған. Биыл мұнда ішкі орамның жерін тегістеу, абаттандыру жұмыстары, аяқжол және асфальт жол құрылысы жүргізіледі. Нысандарды қолданысқа беру екінші жартыжылдыққа жоспарлануда. Одан бөлек, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда.

Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр.
Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді. Ал, оның орындалуын қадағалау басқармаға жүктелген. Бұл тұрғын үйлердің басым бөлігі қаланың аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ШымСити, Тұран, Әкімшілік іскерлік орталығы, Бозарық шағын аудандарында орналасатын көпқабатты тұрғын үйлер есебінен жоспарлануда.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қытай инвесторларымен кездесті

Next Post

ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі