13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОДАҚТАР 2023 ЖЫЛДЫ «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ

28 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОДАҚТАР 2023 ЖЫЛДЫ «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Кеше, 27 қаңтар күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас Кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин, Бас кеңес мүшелері және Шымкент қаласынан «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Бас кеңестің мүшесі Бауыржан Әлтеев қатысты.
Күн тәртібінде Кәсіподақтар Федерацияның Әлеуметтік әріптестік жылы аясында өткен жылдағы атқарылған жұмысының қорытындылары шығарылып, кәсіподақтардың алдағы жылға арналған жаңа міндеттері айқындалды.
Бас Кеңесте Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин «2022 жылды Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік әріптестік жылы аясында өткізді. Біз елдегі саяси түрлендірулерге өз үлесімізді қостық,біздің мүше ұйымдар ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум өткізу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ, Халықтық коалицияның бір бөлігі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдадық. Елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарының барысына әсер ете алдық. Біз Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына толыққанды мүшелікті қалпына келтірдік. Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесіне төрағалық етуді өз қолымызға алдық», — деп атап өтті.
Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсарту, әлеуметтік серіктестікті нығайту, еңбек қауіпсіздігі мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету сияқты басымдықтарға жіті көңіл бөліп келе жатқанына тоқталып, кәсіподақ қауымдастығы алдында тұрған бірқатар келелі мәселелер мен міндеттерге тоқталды.
Бұдан бөлек, отырыс барысында бас кеңес мүшелері Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, Федерацияның 2023 жылға арналған бюджеті де бекітілді және ҚРКФ Жарғысына сәйкес ҚРКФ Бас кеңесі мен Атқару комитеті мүшелерінің ауысуы мақұлданды.
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бас кеңес жұмысын қорытындылай келе, өткен жылы қол жеткізген табыстардың барлығы ҚРКФ — на мүше барлық ұйымдардың ынтымақты жұмысының нәтижесі екенін ерекше атап өтті.

Previous Post

ФПРК призвала соцпартнеров к построению справедливых трудовых отношений

Next Post

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ҮШ ТІЛДЕ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі